Фото: ашық дереккөз
Ауа райының күрт өзгеруі мен жауын-шашынның күшеюіне байланысты Қарағанды – Астана бағытындағы республикалық маңызы бар автожол уақытша жабылды, деп хабарлайды Ult.kz.
Осыған орай, облыстық полиция департаментінің патрульдік полиция батальоны қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген қызмет режиміне көшті.
Полиция қызметкерлері жол қозғалысына қатысушыларды қолайсыз ауа райы жағдайын ескеруге, алыс сапарларға шықпауға және жол қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
