05 мам, 2025 сағат 11:12

Қапшағай су қоймасы 100% толды

Фото: ашық дереккөз

Қазіргі таңда Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасында шамамен 18,5 млрд текше метр су жиналды, деп хабарлайды Ult.kz.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, былтыр су қоймасы соңғы 10 жылда алғаш рет 100 пайызға толған болатын.

Қапшағайдың толуы Балқаш көліне су жіберуге және облыстағы Ақдала және Шеңгелді суармалы алқабын сумен толықтай қамтуға мүмкіндік береді.

Су мол берілуінің арқасында бір жылдың ішінде Балқаш көлінің деңгейі 12 сантиметрге көтеріліп, жалпы су көлемі 2 млрд текше метрге ұлғайды.