Фото: basnews.kz
Қазгидромет қаңтар айына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ult.kz.
Жаңа жылдың алғашқы онкүндігінде Атлантикалық циклондардың әсері сезіледі. Сол себепті ауа райы тұрақсыз болады.
"Республиканың солтүстігі мен оңтүстігі, оңтүстік-шығыс, шығысының таулы аудандарында бұрқасынмен қар, кейде қатты қар болжанады, елдің оңтүстік жартысында жауын-шашын жылбысқы қар, жаңбыр түрінде күтіледі. Қазақстанның басым бөлігінде жел 15-20 м/с-дейін күшейеді, кейде екпіні 23-28 м/с жетеді, елдің солтүстік-батыс жартысында жел 30 м/с дейін және одан да көп болуы ықтимал", - дейді синоптиктер.
1-10 қаңтардағы ауа райының температурасы:
батыста түнде -5+2°С-тан -3-12°С-қа дейін, күндіз -3+5°С-тан 0,-8°С-қа дейін;
солтүстік-батысында түнде 0,-7°С-тан -10-20°С-қа дейін, күндіз -5+2°С-тан -8-13°С-қа дейін;
солтүстік, орталық пен шығыста түнде -5-13°С-тан 0,-8°С-қа дейін, күндіз -2-8°С-тан -3+2°С-қа дейін аздап жоғарылауы, содан кейін түнде ауа температурасының -10-20°С-қа дейін, күндіз -5-12°С дейін;
оңтүстік пен оңтүстік-шығыста түнде -8+2°С, күндіз -3+7°С шамасында, содан кейін түнде ауа температурасының -8-15°С, күндіз -3-10°С дейін.
Ал оңтүстік циклондардың келуімен ауа температурасы көтеріледі, тіпті, бірнеше қарқынды жылу толқындары болады.
солтүстік жартысында күндіз -5+2°С дейін,
елдің оңтүстік жартысында және оңтүстік-батысында +2+12°С дейін.
Бірақ солтүстік-батыс антициклонның енуіне байланысты бірнеше қарқынды суық толқындар болжанады, бұл күндері ауа температурасы төмендейді.
солтүстік жартысында және орталығында түнде -25-35°С дейін, күндіз -15-25°С дейін,
республиканың оңтүстік жартысында және оңтүстік-батысында түнде -12-22°С дейін, күндіз -3-15°С дейін.
Қаңтарда екпінді жел, тұман, көктайғақ жиі болжанады.
Айта кетері, бір айға арналған болжамды консультативтік ретінде пайдалану керек. Ол кейіннен синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай түзетіледі және онкүндікке және 2-3 тәулікке арналған ауа райы болжамымен нақтыланады.