09 мам, 2021 сағат 11:53

«Канело» Сондерсті тізе бүктірді (Видео)


Арлингтондағы (АҚШ) AT&T Stadium стадионында мексикалық боксшы Сауль Альварес (55-1-2, 37 КО) пен британдық Билли Джо Сондерс (30-0, 14 КО) арасында жекпе-жек болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Канело» WBC мен WBA Super нұсқалары бойынша супер орта салмақтағы әлем чемпионы белдіктерін, ал Сондерс, өз кезегінде, осы санаттағы WBO титулын бәске тікті. Жекпе-жек 12 раундқа жоспарланған еді, бірақ кеш уақытынан бұрын аяқталды. Билли Джо тоғызыншы раундқа шығудан бас тартты. Осылайша, мексикалық кәсіби бокстағы 56-шы жеңісіне жетіп, дивизиондағы үш чемпиондық титулды біріктірді, ал Сондерс мансабында алғаш рет жеңіліс тапты. 

"Мен оның жақ сүйегін сындырып жіберген сияқтымын. Ол жекпе-жекті жалғастырмайтынын білдім. Эдди Рейносоға оның шықпайтынын айттым. Мен ең үздік бапкермен жұмыс істеймін. Ол маған қалай дайындалу керектігін және рингте не істеу қажеттігін айтады, мен оны орындаймын", - деді Сауль Альварес Сондерспен жекпе-жектен кейін берген сұхбатында .

Еске сала кетейік, «Канело» қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 36 КО) үшінші рет айқасуға дайын екенін білдірді, дегенмен бұл үшін GGG супер орта салмаққа көтерілуі тиіс.