Фото: AP
Екінші орта салмақтағы абсолют әлем чемпионы, 33 жастағы мексикалық Сауль Канело Альварес (59-2-2, 39 КО) 30 қыркүйекте рингке оралады. Ол Лас-Вегаста (АҚШ) америкалық Джермелл Чарломен (35-1-1, 19 КО) жұдырықтасады. Бұл бокс тарихында екі абсолют чемпион арасындағы алғашқы жекпе-жек болмақ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Осы тарихи оқиғаның алдында Канело мансабының аяқталуына қатысты сұраққа жауап берді.
"Меніңше, әлі 4 жылдай уақыт бар. Ең көбі - 5 жыл. Мен 15 жасымнан бастап кәсіпқой бокспен айналысып келе жатқанымды ұмытпаңыз. 18 жыл болыпты. Мен 36-37 жаста мансапты аяқтау керегін үнемі айтп жүремін. Менің ойымша, бұл уақытқа дейін бокс маған жеткілікті болады. Бұл шынымен көп жыл ғой", - деді ол vRINGe.com-ға берген сұхбатында.