WBA, WBC және WBO чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (56-1-2, 38 КО) баспасөз мәслихаты кезінде IBF титулына ие америкалық Калеб Плантпен (21-0, 12 КО) төбелесіп қалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бұл жиын боксшылардың 6 қарашада Лас-Вегаста өтетін жекпе-жегіне арналған.
Көзарбасу рәсімі кезінде "Канело" сөзге келіп қалып, америкалықты кеудесінен итеріп жіберді, ал Плант мексикалықты бетінен ұруға тырысты. Осылайша, төбелес басталып кетті. Алайда оларды бірден ажыратып алды.
"Анам туралы сөйлеме", - деп жазды Альварес Twitter-де төбелес видеосын жариялап.
Суреттерден Планттың бетіне тыртық түскенін байқауға болады.
«Бұл тыртық менің күннен қорғайтын көзілдірігімнен болды. Мен көзілдірік киген едім. Болған нәрсе болды. Бұл бар болғаны беттегі кішкене сызат», - деді өзінің жарақаты туралы Калеб.
Еске сала кетейік, «Канело» мен Планттың жекпе-жегі 6 қараша күні Лас-Вегаста 09:15-те басталады.