Фото: instagram.com/canelo
Екінші орта салмақтағы абсолют әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес (58-2-2, 39 КО) қазақстандық боксшылармен тәжірибесін бөлісті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Атап айтқанда, ол Әбілхан Аманқұл (2-0, 2 КО) және Бек Нұрмағанбетпен (8-0, 6 КО) бірге жаттығу өткізді. Мексикалық былғары қолғап шебері біздің боксшыларға түрлі әдіс-тәсіл көрсетті.
"Барша қазақстандық жанкүйерге сәлем. Сендерді құшақтадым, - дейді "Канело" видеода.