Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес қазақстандық боксшы Генадий Головкинмен жекпе-жекке шығатыны туралы ресми айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жақын күндері біз жекпе-жек туралы хабарлайтын боламыз. Әрине, Головкинге қарсы жекпе-жек бұған дейін келісілгендей қыркүйек айында болады. Сонымен қатар сәл кейін Биволмен де реванш өткізетін боламын», - деді «Канело» баспасөз мәслихатында.
Еске салсақ, 8 мамырда мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес ресейлік Дмитрий Биволдан жеңіліп қалған еді.
Қазақстандық боксшы GGG мен Канело арасындағы бұған дейінгі екі жекпе-жек те Лас-Вегастың T-Mobile аренасында өтті. Бірінші жекпе-жек тең есеппен және ал екінші төрешілердің шешімімен Альварестің жеңісімен аяқталды.