20 там, 2021 сағат 10:26

Канело абсолют әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді


Суперорта салмақта WBC, WBA Super және WBO чемпионы мексикалық Сауль Канело Альварес IBF белбеуінің иегері америкалық Калеб Плантпен жұдырықтасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек 6 қарашада Лас-Вегаста (АҚШ) өтеді. Канело ол туралы әлеуметтік желідегі парақшасында ресми түрде жариялады.

"6 қарашада мексикалық боксты шыңға шығарамыз! Жетпей тұрған белбеуді иеленемін", - деп жазды боксшы. 

Айта кетейік, Канело Плантты жеңсе, 168 фунтта абсолют әлем чемпионы атанбақ.