Фото: ашық дереккөз
2024 жылғы 13 тамызда Үкіметте өткен баспасөз конференциясында Қазақстанның Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев елдегі утильалым мәселесіне қатысты пікір білдіріп, бұл тақырыпты жабуды ұсынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Қанат Шарлапаев утильалым мәселесінің бірнеше рет қаралғанын атап өтті.
«Бірнеше мәжіліс өткізілді. Петицияны бастаушылар келтірген дәлелдер заңды негізде жоққа шығарылды. Мемлекеттік органдар осы мәселе бойынша шешімді жұмыс тобының аясында бірлесіп қабылдады. Бұдан артық түсініктеме бермеймін. Мен псевдо-сарапшылардың немесе бұл тақырыпта манипуляция жасайтын адамдардың тексерілмеген мәлімдемелерін түсіндірмеймін», – деді ол.
Шарлапаев бұл мәселеге қатысты ресми шешім қабылданғанын, сондықтан түсініктеме беруді дұрыс деп санамайтынын айтты.
«Заң бар, заң аясында петиция қаралды, шешім қабылданды, сондықтан мемлекеттік органдардың қабылдаған ұжымдық шешімін түсіндіре алмаймын. Бұл мәселені жабуды ұсынамын және бұдан былай бұл туралы ешқандай түсініктеме бермейміз. Мен тағы да айтамын, утильалым мәселесіне қатысты түсініктеме бермейміз, өйткені мемлекеттік органдар бұл мәселеге қатысты өз ұстанымдарын ресми түрде білдірді», – деп түйіндеді министр.