Еш жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Қанат Ислам (28-0, 22 КО) орта салмақтағы WBO International титулынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Дүниежүзілік бокс ұйымының мұндай шешім қабылдауына қазақстандықтың белсенділігінің төмендігі және титулды қорғай алмауы себеп болған. 2019 жылы Уолтер Каутондоквамен (18-2, 17 КО) болған айқаста белбеуді жеңіп алғаннан кейін Қанат бір ғана жекпе-жек өткізді.
Енді орта дивизиондағы WBO International белбеуі BoxRec.com сайтында бос орын ретінде көрсетілген және оның жаңа иесі 15 қаңтарда ресейлік Андрей Сироткинмен (19-1-1, 7 КО) басқа қазақстандық Мейірім Нұрсұлтановтың жекпе-жегінде анықтау жоспарлануда. Бұл айқас Ақтауда өтеді.