Бүгін, 26 ақпанда Қанат Ислам (28-0, 22 КО) орта салмақтағы WBO Global белбеуі үшін айқасты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бұл жекпе-жек АҚШ-тың Флорида штатында орналасқан Плант-Сити шаһарындағы бокс кешінде өтті. Ал қазақ боксшының қарсыласы британиялық Джимми Келли (25-2, 10 КО) болды.
Он раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті британиялыққа берді.
Айта кетейік, бұл - Қанаттың кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісі.