Израильдің «Хааретц» газеті өзінің The Marker қосымшасында Қазақстанға арналған эксклюзивті публикация жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметі туралы айта келе журналистер, «Қазақстандағы бір жыл бұрын болған биліктің ауысуын «мемлекет үшін тарихи сәт» деп атап көрсеткен. Олардың пайымдауынша, «Қ.Тоқаев ел қиын сәттерді басынан кешіріп жатқан күрделі кезеңде халықтан билікке мандат алып, өткен бір жыл ішінде қоғаммен оң диалог орнатып және «еститін мемлекет» құра отырып, бірқатар өзгерістерге қол жеткізе алған».
Газетте ел дамуының өткір мәселелерін талқылайтын Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жұмысы аталған.
Сондай-ақ, журналистер елдегі маңызды реформалар мен бейбіт жиналыстар, сайлау және саяси партиялар туралы қабылданған заңдарға сілтеме жасай отырып, Қ.Тоқаевтың заң шығарушылық қызметін де тілге тиек еткен.
Бұған қоса, басылымда қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдығына арналған бөлек бет қапталған. «Хааретц» газеті өз оқырмандарына Қазақстанның Израильдегі Елшілігімен ақынның «Қара сөздерінің» тұңғыш рет иврит тіліне аударылғаны туралы мәлімдеді.
Газет редакторы Йоэль Тсафрирге берген сұхбатында Елші Сатыбалды Бұршақов Қазақстанның экономикалық жағдайы мен сыртқы саясаты және екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы әңгімелеп берді.
С. Бұршақов, короновирус пандемиясы кезеңінде Қазақстан мен Израиль арасында тығыз диалог қалыптасқанын хабарлады. Сәуір айында телефон арқылы сөйлескен кезде Президент Қ.Тоқаев пен Президент Р. Ривлин COVID-19 жұқпалы ауруының таралуын болдырмауға қатысты пікір алмасты. Сонымен қатар, түрлі медициналық мекемелерде қызмет атқаратын Қазақстан мен Израиль дәрігерлерінің қатысуымен бейнеконференция форматында бірнеше маңызды медициналық консультациялар өткізілді.
Елшінің айтуынша, бүгінде қазақстандық «Кусто Групп» халықаралық корпорациясы көптеген әлемдік нарықта танымал, лак-бояу жабындары мен құрылыс қоспаларын өндірумен айналысатын израильдік «Тамбур» компаниясының жалғыз иесі болып табылады.
Елші газет оқырмандарын Israir компаниясының Алматы мен Тель-Авив арасында тікелей әуе қатынасын ашуға ниетті екенін хабардар етті. С.Бұршақов израильдіктерді Қазақстанның Шарын каньоны, Іле Алатау табиғи қорығы, Алтынемел ұлттық паркі, Бурабай және т. б. сол сияқты танымал көрікті жерлеріне саяхат жасауға шақырды.
«Хааретц» газеті жүз жыл бұрын құрылған, оның күнделікті жарыққа шығатын таралымы 70 мың данадан асады. Тәуелсіз зерттеулердің нәтижесі бойынша газет елдегі «ең ықпалды БАҚ баспасы» болып саналады. «Хааретц» иврит және ағылшын тілдерінде шығарылады.