Әскери қақтығыс бесінші күнге ұласты. Тегеранда жарылыстар тыйылар емес.
Кеше Израиль әскері Иран мемлекеттік ақпарат құралдарының ғимараттарына соққы жасап, бір телеарна эфирін тоқтатты. Диктор студиядан кетуге мәжбүр болды.
Дональд Трамп Тегеран халқына қаланы түгелдей тастап шығуға үндеу жасады.
Иран бірер сағат бұрын Израильге тағы ракеталар жаудырды. Одан ешкім жараланбаған.
Жұмадан бері Иранда 224 адам мерт болса, еврей мемлекетінің аумағында талай үй қирап, 24 адам мерт болған.