Фото: Ақорда
Бұл банк тарихындағы ең ірі қаржыландыру жобасы болмақ, деп хабарлайды Ult.kz.
Бакудегі климаттық саммит аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам даму банкінің президенті Мұхаммад Сулейман Әл-Джассермен кездесті. Екі ел басшылары ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізді.
Әңгіме «Климаттың өзгеруіне төзімді су ресурстарын дамыту» жобасы туралы болып отыр. Жоба аясында елде сегіз су қоймасы, бір контрреттегіш және ұзындығы 3 450 км болатын 115 канал жеті облыста салынып, жаңғыртылады.
«Бұл 332 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы жерін тұрақты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — делінген хабарламада.
Келісімнің жалпы сомасы – 1,153 миллиард доллар, оның ішінде 3,5 миллион доллар грант ретінде бөлінеді.
Құжатқа қол қойылғанын Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров хабарлады.