Ұлттық бактің ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Жандос Шаймарданов қыркүйектегі іскерлік белсенділік индексі туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Іскерлік белсенділік индексі кәсіпорындарға жүргізілген олардың ағымдағы көрсеткіштері және келешекте олардың өзгеруі бойынша күтулері негізінде қалыптастырылады.
«Өткен айда сауалнамаға құрылыс саласындағы, өнеркәсіптегі және қызмет көрсетудегі 450 кәсіпорын қатысты. Іскерлік белсенділік индексі қыркүйекте бірден 2,2-тармаққа өсіп, 47,6-ға дейін көтерілді. Нақты секторда экономикалық белсенділіктің жаңғыруы құрылыста байқалады, онда индекс 5,5 тармаққа өсті, қызмет саласында 3,1тармаққа өсуі тіркелді. Өнеркәсіп саласында жаңа тапсырыстар азаюынан индекс 0,5-тармаққа төмендеді»,– деді Жандос Шаймарданов.
Өңірлер бойынша өткен айда іскерлік белсенділік индексінің біршама жақсаруы Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында байқалды. Оның ең көп төмендеуі Алматы және Қызылорда облыстарында тіркелді.
Бизнес-ахуал индексі қыркүйекте соңғы алты айда бірінші рет оң аймаққа ауысып, 2,0 дейін жетті. Респонденттер бизнесті жүргізудің ағымдағы жағдайлары жақсарғанын атап, қазанда көрсеткіштің 4,5-ға дейін одан әрі өсуін күтуде