19 қар, 2021 сағат 16:30

Ирина Локтионова нысана көздеуден Қазақстан чемпионы атанды


Елордада пневматикалық қарумен нысана көздеуден Қазақстан біріншілігі жалғасуда, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгін әйелдер арасында 10 метрге пневматикалық тапаншамен нысана көздеуден жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. 

Шымкенттік Ирина Локтионова 233,2 ұпаймен топ жарса, екінші орынды Асылым Жақия жеңіп алды. Үздік үштікті алматылық Валерия Попелова тұйықтады.