20 мам, 2024 сағат 14:53

Иранда президенттің міндетін атқарушы тағайындалды


Фото: Журнал "Профиль"


Ибрахим Раиси әуе апатында қайтыс болғаннан кейін Иран президентінің міндетін атқарушы Мемлекет басшысының орынбасары Мұхаммед Мохбер болады,- деп хабарлайды TasnimNews.


"Иранның бірінші вице-президенті Мұхаммед Мохбер жаңа президенттік сайлауға дейін 50 күн бойы Раисидің міндетін атқарады. Сайлауды арнайы кеңес ұйымдастырады", - деп жазады TasnimNews.


Мұндай шешім Иран Конституциясында белгіленгені нақтыланады. Оның айтуынша, Президент отставкаға кеткен, ауырған немесе қайтыс болған жағдайда оның өкілеттігі бірінші орынбасарға өтеді.