01 там, 2024 сағат 13:13

Иран ХАМАС жетекшісінің қазасына жауап ретінде Израильге соққы жасамақ - The New York Times

Фото: New York Times

Иран Израиль аумағына соққы жасауға ниетті. Тиісті бұйрықты Иранның рухани жетекшісі Аятолла Али Хаменеи берді, деп жазады New York Times.

Хаменеи сәрсенбі күні таңертең Тегеранда ХАМАС басшысы Исмаил Хания өлтірілгеннен кейін көп ұзамай Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл жиналысында бұйрық берді, деп хабарлады басылымға ел басшылығының үш жоғары лауазымды өкілі, олардың екеуі Ислам революциясының сақшылар корпусының (КСИР) мүшелері.

Ирань Ханияның қазасына Израильді айыптады.

«Осы әрекетімен... сионистік режим ауыр жазаға негіз дайындады», - деген Аятолла Хаменеидің сөзін келтіреді Irna мемлекеттік ақпарат агенттігі.


Өз кезегінде Иран президенті Масуд Пезешкиан X әлеуметтік желісінде өз елі «аумақтық тұтастығын» қорғайтынын және «террорист басқыншылар өз әрекетіне өкінетінін» жазды.