Фото: Көлік министрлігі
Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев пен Иордания Хашимит Корольдігінің Қазақстандағы Елшісі Хамза Әл-Омари кездесу өткізіп, екі ел арасындағы әуе қатынасын дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Ult.kz.
Кездесуде Иорданияның «Royal Jordanian» әуе компаниясының 2026 жылдың маусым айынан бастап Қазақстанға аптасына екі рет тікелей рейс ашу жоспарлары жарияланды. Қазақстан тарапы бұл бастаманы қолдауға және қажетті көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.
Сондай-ақ, тараптар теңіз кемелерінің экипаж мүшелерінің дипломдарын өзара тану туралы келісімге қол қою мерзімдерін белгіледі.
Бұл бастамалар екі ел арасындағы сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды нығайтуға бағытталған маңызды қадам болмақ.