видео кадры
Алматыда қызды тұрғын үйдің кіреберісінде атып кеткен, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Tengrinews.kzке сілтеме жасап.
Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде пайда болды. Кадрларда оқиға орнында полиция қызметкерлерінің жұмыс істеп жатқаны, сонымен қатар жедел жәрдем көлігі тұрғаны көрінеді.
"Кіреберістің алдында көршімізді бұрынғы күйеуі атып тастады. Онда екі оқ жатыр", - дейді куәгер кадр сыртында.
Видео сипаттамасында ірі кәсіпкердің бұған дейін бұрынғы сүйіктісінің интим видеосын таратқаны үшін ұсталғаны айтылған. Осыдан кейін кәсіпкердің тапсырысымен аталған мекенжайға белгісіз ер адам келіп, қызды екі рет атып өлтірген.
Алматы Полиция департаменті мәліметінше, бұл қылмыс ізін суытпай ашылған.
"Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы талаптарына сәйкес өзге де мәлімет жарияланбайды", - деп хабарлады Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сілтеме жасап, зардап шеккен қыздың жағдайын және оқиғаның қандай бап бойынша тергеліп жатқанын нақтыламай отыр.