Видео кадры
Интим қызмет көрсеткен 43 қыз полицияға жеткізілді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Астана қаласының Полиция департаментіне сілтеме жасап.
"Астана қалалық Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері елордада жезөкшелікпен айналысу үшін үй-жайлар беретін азаматтармен интимдік қызмет көрсететін тұлғаларды анықтауға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шараларды тұрақты негізде жүргізіп жүр.
Осылайша, операция барысында “Kizdar.net” сайты арқылы жарияланған сауналар, денеге массаж жасайтын бөлмелер, интимдік қызмет көрсетілетін пәтерлер тексерілді.
Нәтижесінде 43 қыз полицияға жеткізілді. Жүргізілген іс-шаралардың барысында ӘҚБтК 450 бабы бойынша 33 әкімшілік хаттамалар толтырылды. (жезөкшелік немесе сутенерлік үшін көрінеу үй-жайлар беру) – 10, ӘҚБтК-нің 492-бабы бойынша (Қазақстан Республикасында тіркеусіз немесе жеке басын куәландырмай тұру) құжаттар) - 6, ӘҚБтК 440 (қоғамдық орындарға мас күйінде келу) – 6, ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы бойынша (қоғамдық орындарда азғындау) – 11. 1 шетелдік Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін қабылдау пунктіне орналастырылды" - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, 15 жеңіл мінезді қыз ақшаға жыныстық қызмет көрсеткені үшін есепке алынған. Олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді.