«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында еліміздегі электронды сауданың дамуына баса назар аударылуда. Осы орайда электронды коммерция нарғын дамытуда арнайы бастамалар жасалып жатыр. Соның бір дәлелі ретінде елімізде интернет-кәсіпкерлерге арнайы шетелде тауарларды сатуға арналған жаңа «терезе» ашылады.
Сауда – Қазақстанда экономикалық өсудің маңызды драйвері ретінде қарауға болады. Соның ішінде электронды коммерция нарығында жаңа бастамалар орын алып жатыр. Ол кәсіпкерлер үшін экспорттық рәсімдеуде көрсетілетін жеңілдіктер. Сәуір айының басында Қасымжомарт Тоқаев халықаралық кеден құжаттарын өңдеуді айтарлықтай жеңілдететін заңға қол қойған болатын. Осы орайда Сәкен Сәрсенов жаңа ереже сәйкес қазақстандық 1700-ге жуық интернет-кәсіпкерлерге шетелде тауарларды сату үшін жаңа «терезе» ашатынын айтты. Ал бұл бастама электрондық коммерцияның өсуіне қосымша серпін береді. Сонымен қатар цифрлық кеңселердің ашылуына байланысты, енді ешқандай қызметкерлердің қатысуынсыз терминалдар арқылы қызметтер алуға да мүмкін тумақ.
«2019 жылдың сәуіріне дейін қазақстандық интернет-дүкендер өз тауарларын басқа елдегі сатып алушыларға тауарларын жібере алмады. Бұл үшін әр тауарларды жіберуде кедендік декларация беру және кеден органдарына алымдарды төлеу қажет болды. Енді кедендік декларация ретінде интернет-дүкен иелері Қазпоштаның берген құжаттарды пайдалана алады. Ол толықтай ақысыз жүргізіледі», - деп түсіндірді «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы С.Сәрсенов.
Бұдан басқа, Қазпошта интернет-дүкендерінің үшін иелері Kazpost Store-ды іске қосты. Бұл өз кезегінде дүкен иелерінің сайттарда пошта қызметтерін пайдалануға мүмкіндік береді. Олардың ішінде - жаңа пошта индексі, жеткізілім құнын есептеу, мекен-жай белгілерін жасау және қадағалау кіреді.