25 қар, 2025 сағат 15:51

Иманғали Тасмағамбетовтың орнына ҰҚШҰ бас хатшысы кім болатыны белгілі болды

Фото: ашық дереккөз

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҰҚШҰ бас хатшысы Таалатбек Масадықов (қазіргі ұйым басшысының орынбасары) болады, деп мәлімдеді Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков.

Тағайындау туралы шешімді 27 қарашада Бішкекте ҰҚШҰ-ға мүше елдердің (Ресей, Қазақстан, Беларусь және Қырғызстан) президенттері қабылдайды.

Армения саммитке қатыспайтынын, алайда Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шешіміне «қарсы емес» екенін Ушаков атап өтті.