Фото:oxu.az
АҚШ Үкіметінің тиімділік департаментін (DOGE) басқаратын американдық миллиардер Илон Маск АҚШ қаржыландыратын "Азаттық радиосы" және "Америка дауысы" радиостанцияларын жабуға шақырды, деп хабарлайды Ult.kz.
Масктың пікірінше бұл ақпарат құралдарын енді ешкім тыңдамайды.
"Иә, оларды жабыңыз.
1. Еуропа қазір еркін (тұншықтыратын бюрократияны есептемегенде). Сәлем??
2. Оларды енді ешкім тыңдамайды.
3. Бұл АҚШ салық төлеушілерінің қаражатынан жылына 1 миллиард доллар өртеп, өздерімен сөйлесетін ақылсыз радикалды солшылдар", -деп жазады миллиардер X-ке.
Айта кетейік, "Азаттық радиосы" 1950 жылдан бері, ал "Америка дауысы" 1942 жылдан бері ақпарат таратып келеді. Оларды Америка Құрама Штаттарының Үкіметі қаржыландырады және АҚШ-тың жаһандық медиа агенттігі бақылайды.