15 жел, 2025 сағат 10:59

ІІМ жолдағы «қақпан» туралы жалған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

Фото: ашық дереккөз

Мессенджерлерде көлікті тоқтату мақсатында «жалған сәби» салынған балалар креслосы немесе  алдыңғы әйнекке жұмыртқа лақтыру туралы тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл деректер ресми түрде расталған жоқ.

Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желі қолданушыларына бұқаралық ақпарат құралдары немесе ақпараттық-коммуникациялық желілер арқылы әдейі жалған мәлімет таратудың заң алдында жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды.

Ведомство азаматтарды тек ресми дереккөздерге ғана сенуге және тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырды.