30 қыр, 2024 сағат 17:58

ІІМ балалар өлімінің себептерін атады

Фото: pexeks.com

ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің айтуынша, суицидке себеп болуы мүмкін жағдайлардың бірнешеуі тіркелген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлады.

Әлекешевтің мәліметінше себептер мынадай:

  • - жалғыздық пен қабылданбау сезімі;
  • - ауыр материалдық жағдай;
  • - ата-аналар мен туыстармен жанжалдық қатынастар;
  • - оқу орнындағы қақтығыстар;
  • - ата-аналардың ажырасуы;
  • - жақын адамның өлімі;
  • - жазаға тартылу қорқынышы және тағы басқа факторлар.

"Ескерте кететін жайт, суицидтің нақты себептері тек тергеу нәтижесінде анықталады. Талдау көрсеткендей, суицидтер мен оған әрекеттенудің басым бөлігі 15-тен 17 жасқа дейінгі, яғни өтпелі жастағы жасөспірімдер арасында жасалған", - деп атап өтті Әлекешев.


Сонымен қатар, оның айтуынша, суицидті насихаттайтын ресурстарды анықтау және бұғаттау жұмыстары жүргізілуде – жыл басынан бері суицидтік сипаттағы белгілері бар 43 интернет-ресурс анықталған.

Ведомствоның ресми өкілі сондай-ақ мессенджерлерде жазылып жатқан "қауіпті ойындар" суицидке итермелеуді қамтымайтынын, бірақ оларда қашу мен бағынбау әрекеттерін романтизациялау қаупі болуы мүмкін екенін атап өтті.