5 тамыз таңда Елдос Сметов бастаған дзюдошылар елге оралды. Жанашыр жұрт спортшыларды қарсы алып, ізгі тілектерін жаудырды, сыйлықтарын тарту етті. Мәселен, Ғұсман Қырғызбаевқа әуежайдың ішінде-ақ су жаңа көлік табыс етілді.
Айта кетейік, дзюдошылар Олимпиаданың алғашқы екі күнінде бір алтын, бір қола медаль жеңіп алды. Алғаш рет Елдос Сметов 60 келіде чемпион атанды. Сондай-ақ 66 келіде Ғұсман Қырғызбаев қола жүлдеге ие болған.
Жалпыкомандалық есепте Қазақстан жетінші орынға тұрақтады. Жалпы, Париж төрінде Сметов пен Қырғызбаевтан бөлек, Данияр Шамшаев (73 келі), Абылайхан Жұбаназар (81 келі), Нұрлыхан Шархан (100 келі), Абиба Әбужақынова (48 келі), Эсмигуль Куюлова (63 келі), Камила Берліқаш (+78 келі) күресті. Медаль Сметов пен Қырғызбаевқа ғана бұйырды.