30 нау, 2022 сағат 15:16

Grand Slam жарысында ел намысын қорғайтын дзюдошылар белгілі болды


Дзюдодан Қазақстан құрамасы Анталияда (Түркия) өтетін әлемдік Grand Slam жарысына қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Татами шеберлерінің әлемдік бәсекесі 1-3 сәуір аралығында өтеді. Түркия татамиінде ел намысын 23 спортшы қорғайды. 

Олар: 

60 келі: Мағжан Шамшадин, Бауыржан Нарбаев

66 келі: Елдос Сметов, Ғұсман Қырғызбаев 

73 келі: Данияр Шамшаев, Жансай Смағұлов

81 келі: Абылайхан Жұбаназар, Барак Арқабай 

90 келі: Дидар Хамза, Ерсұлтан Мұхаппаров 

100 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Ислам Бозбаев, Нұрлыхан Шархан 

100 келіден жоғары: Жамбыл Тұрғыналиев 

Әйелдер: 

52 келі: Гаухар Ирмагамбетова

57 келі: Севара Нишанбаева

63 келі: Зарина Сарипова, Мөлдір Нарынова

70 келі: Зере бектасқызы, Перизат Жақыпбекова 

78 келі: Әсел Бисембай, Аруна Жангельдина

78 келіден жоғары салмақ дәрежесі: Камила Берліқаш, Назгүл Маратова

Айта кетерлігі, Grand Slam жарысына 64 елден 534 спортшы қатысады деп жоспарланған.