Фото: depositphotos.com
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев шетелдік компаниялар "Google салығы" бойынша 34,8 миллиард теңге төлегенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
Әңгіме қазақстандық электрон сауда нарығы туралы.
"Былтырғы 1 қаңтардан бастап тауарлардың электрон саудасымен айналысатын, сондай-ақ жеке тұлғаларға электрон түрде қызмет көрсететін шетелдік компаниялар үшін Google салығы енгізілді - импорт салығы", - деді министр үкімет отырысында.
Министрдің айтуынша, 2023 жылы тағы 60 шетелдік компания шартты тіркеуден өтіп, олардың екі жыл ішінде төлеген салықтарының жалпы сомасы 34,8 миллиард теңге болған.
"2022 жылы салық көлемі 16,4 миллиард теңге болды. 2023 жылы - 18,4 миллиард теңге", - деді Шаққалиев.