13 мау, 2024 сағат 15:09

Google бәсекелестік туралы заңды бұзды деп айыпталды — компания БҚДА-дан ескерту алды


БҚДА бұған дейін Google LLC, Google Ireland Limited және Google Commerce Limited ( әрі қарай – Google) компанияларына оның әрекеттерінде үстем жағдайды теріс пайдалану белгілерінің бар екендігі туралы Хабарлама жіберген болатын, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Хабарламаны орындау үшін қазіргі уақытта Google компаниясы «Chrome» браузері алғаш рет іске қосылған кезде (автоматты түрде немесе қолмен) таңдау терезесі енгізілген тиісті нұсқасына дейін Android ОЖ базасындағы қолданыстағы мобильді құрылғыларда жүзеге асырылатын екі факторлы «өткізбейтін» таңдау терезесін көрсетуді енгізді.

Атап өткендей, бес миллионға жуық Android құрылғыларының иелері браузерді жаңартқан: 82,95% - Google-ді, 17,04% - Yandex-ті таңдады.

Бұл Қазақстан Республикасының юрисдикциясынан тыс ірі трансұлттық компанияның өз іс-әрекетінде үстем жағдайды теріс пайдалану белгілерінің болуы туралы Хабарламаны орындаған алғаш жағдай.

Көптеген елдерде, соның ішінде ЕО, Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасында реттеуші мемлекеттік органдардың талабы бойынша іздеу жүйелерін таңдау экрандары енгізілген.