IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен оның қарсыласы, WBA Super белдігінің иесі Риота Мурата Допингке қарсы ерікті қауымдастық (VADA) желісі бойынша тестілеу бағдарламасының қатысушылары болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы ұйым Twitter-дегі парақшасында жазған. «VADA Геннадий Головкин мен Риота Муратаны 2021 жылдың 29 желтоқсанында өтетін жекпе-жекке даярлық бағдарламамызға оралуымен құттықтайды», - делінген хабарламада.
VADA бағдарламасы боксшылардың жұдырықтасу алдында және одан кейін тыйым салынған заттарды қолдануына кездейсоқ тесттен өтуін көздейді.
Еске сала кетсек, бұған дейін Головкин әлем чемпионының үш титулы үшін жекпе-жектің өтуін рейми түрде жариялаған.