Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен WBA "суперчемпионы" жапониялық Риота Муратаның (16-2, 13 КО) жекпе-жек күні белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық пен жапониялық арасындағы айқас 9 сәуірде Сайтама қаласындағы Saitama Super аренасында өтеді.