Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) жапониялық боксшы Риота Муратаны (16-3, 13 КО) жеңгеннен кейін қазақстандықтарға үн қатты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Баршаңызға сәлем. Біз чемпион болдық. Қолдауларыңызға рақмет! Алға, Қазақстан!", - деді ол.
Еске салайық, кездесу Жапонияның Сайтама қаласында өтті. Спортшылар Геннадий Головкиннің орта салмақтағы IBF және IBO, Риота Муратаның WBA Super белбеуін сарапқа салды.
Жекпе-жек тартысты өтіп, Геннадий Риотаны 9-раундта техникалық нокаутпен жеңді.