Фото: danimed.spb.ru
Бұрын сүлікпен емдеу халық емі болса, бүгінде медицинада өз орнын қалыптастырған сұранысқа ие саланың біріне айналды. Сүлік салу ғылымда гирудотерапия деп аталады. Қазіргі таңда сүлік салу кардиология, офтальмология, дермотология және басқа да салаларда қолданылып жүр. Ult.kz тілшісі ерекше ем туралы ізденіп көрді.
Сүлік күретамыр және қан тамыр ауруларына, тері ауруларына, өкпеге, бас сақинасы, инфарк, инсульт, глаукомаға ем.
Қазіргі таңда сүліктердің 400-ге тарта түрі бар. Алайда олардың ішіндегі медицина сүлігі ғана емге пайдаланылады. Сүлікпен емдеу тәсілі заманауи емдеу тәсілдерінің ішінде ең сұранысқа ие тәсілдің бірі.
Фатима Акан, Rayyan емдеу орталығының гирудотерапевті:
Сүлік сілекейінде 40-қа жуық ферменттер бар. Ал адамнан қан алу қандағы плазма құрамындағы лимфоциттердің мөлшерін өзгертеді. Енді сүліктің мың түрлі пайдасын есептей беріңіз. Сүліктен бөлінетін ферменттер адам ағзасындағы қанның, жасушалардың, лимфалардың микроцеркуляциясын жақсартып, қалпына келтіреді. Нәтижесінде қан қысымы бір қалыпқа түсіп, мүшелердің ісуі басылып, аурулар басылып, ишемия дерті емделеді. Ең бастысы адам ағзасындағы барлық қан айналым жүйесінің жұмысы қалыпқа түседі. Ем қабылдау сүйек, бұлшық еттер және буындарға оң әсерін тигізеді. Сүлікпен емдеудің арқасында қанның ұйығаны тарқап, зарарсыз ісіктер жазылып, иммунитет көтеріліп, зат алмасу процесі жақсарады.
Егер адамның көңіл-күйі құбылмалы болып, ашушаң, депрессия, ішкі қорқыныш болса, сүлікпен қал алдырудың оған да пайдасы бар. Сүлікпен ем қабылдау физиологиялық және психологиялық көзқарас тұрғысынан қарасаң өте нәтижелі. Себебі олар табиғи, ауыртпайтын тірі ине болып табылады.
Фатима Акан, Rayyan емдеу орталығының гирудотерапевті:
«Сүліктің әйел ағзасына әсері өте тиімді. Ол қанды сору кезінде күшті рефлекторлық ықпал жасап, нәтижесінде кіші жамбастағы (малый таз) қабыну және іркілу процесін тоқтатады. Жатырдың қабынбалы және созылмалы дерттерін емдеп, мастит, миома, мастопатия дерттеріне шипа. Сүлікті арнайы медициналық фабрикаларда өсіріп, таратады. Медициналық сүліктің нәтижелі болу үшін дененің биологиялық белсенділігі жақсы жерлеріне қою керек.Бір емге пайдаланылған сүліктерді келесі емге қолдануға болмайды. Сондықтан оларды өлтіріп тастайды.
Гирудотерапия халық арасында көп жарнамаланбайды. Соған қарамастан емделушілер бір-бірінен естіп, сұранысты күн санап арттырып келеді.
Сүлікпен емдеу бүгінде Алматы қаласында 1500 теңгеден (бір сүлік) басталып, 3000 теңгеге дейін барады. Ол емдеу орталығының орналасқан жері мен емдейтін мамандарынағ қызметіне қарай. Rayyan емдеу орталығында сүлікпен емдеу 2200 теңге (бір сүлік), ал емдеу курсы 10 ретке дейін жалғасуы мүмкін. Әр курстың арасы 7-10 күн.