Фото: gettyimages.com
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Германия федералдық канцлері Олаф Шольц 2024 жылғы 16-17 қыркүйекте Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Ақорда.
ҚР Президентінің баспасөз қызметінің ресми Telegram-арнасында хабарланғандай, сапар барысында Астанада жоғары деңгейдегі келіссөздер, сондай-ақ "Орталық Азия + Германия" форматындағы екінші кездесу өтеді.
Еске сала кетейік, 2023 жылдың күзінде Қасым-Жомарт Тоқаев Германияда екі күнге – 28 және 29 қыркүйекке созылған ресми сапармен болды. Берлинде Қазақстан Президенті федералдық канцлер Олаф Шольцпен жеке құрамда келіссөздер жүргізді. Содан кейін мемлекет басшылары кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді. Басшылар сондай-ақ визалық режимді талқылады, канцлер біздің елмен жан-жақты ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін растады.