15 мау, 2024 сағат 13:11

Германия Еуропа чемпионатын рекордтармен бастады


Фото: dfb.de

Футболдан Германия ұлттық құрамасы Еуропа чемпионаттарының тарихында соққан гол саны бойынша алғашқы ойын рекордын орнатты, деп хабарлайды Malim.kz.

Ресейлік «Спорт-экспресс» басылымының жазуынша, бұрын-соңды Еуропа чемпионатын қабылдайтын командалар бастапқы ойында ірі есеппен ұтқан емес, тек шведтер мен украиндар және француздар ғана бір голдан артық соға алған.
Одан бөлек, UEFA ресми сайтының жазуынша, Германия құрамасы Еуропа чемпионатын сегізінші рет жеңіспен бастап отыр. Ешқандай құрама осыған дейін ЕУРО-ның алғашқы матчтарын 6 реттен артық жеңбеген.
Сонымен бірге, Германия Еуропа чемпионатының финалдық матчында 22 жасқа дейінгі екі ойыншысы гол соққан алғашқы команда.
Айта кетейік, кеше футболдан Еуро-2024 турнирінің беташар ойынында чемпионатты қабылдаушы ел Германия ұлттық құрамасы Шотландия командасын 5:1 есебімен ойсырата ұтқан.