11 там, 2024 сағат 18:18

Гендерлік жанжалға тап болған тайвандық боксшы Олимпиада алтынын жеңіп алды


Фото: dzen.ru


Гендерлік жанжалға тап болған тағы бір Тайвань боксшысы Лин Юй-Тин Олимпиада чемпионы атанды, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат»  Stan.kz -ке сілтеме жасап.


57 келіге дейінгі салмақта финалдық кездесуде Юй-Тин польшалық Юлия Шереметаны ұтты. Юй-Тин финалға дейін бірде-бір раундта жеңіліс таппады. Ал оның қарсыластары наразылық белгісі ретінде Х белгісін көрсетті.

БАҚ алжирлік боксшы Иман Хелиф пен тайвандық Юй-Тинді трансгендер деп атады. Бұл мәлімдемені Халықаралық Олимпиада комитеті жоққа шығарды.


Бұған дейін боксшы Лин Юй-Тиннің гендерлік дау салдарынан финалға шыққаны хабарланған еді.

Гендерлік жанжалдың ортасында қалған алжирлік боксшы Иман Хелиф 2024 жылы Олимпиадада алтын жеңіп алды.


Айта кетейік, Иман Хелифтің Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегі мерзімінен бұрын аяқталған болатын, өйткені итальяндық Анджела Карини жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.


Жартылай финалда Хелиф 5-0 есебімен тайландтық Джанджай Суваннапхенгті жеңді.


Хелифтің Олимпиадаға қатысуының өзі сан алуан пікір туындатты, өйткені ол 2023 жылы әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатында гендерлік тест сынағынан өте алмай, жарыстан шеттетілген еді. 


Еске салсақ, бұған дейін Иман Хелиф трансгендер деп айыпталған болатын. Алайда спортшының әкесі Иман Хелиф оның туу туралы куәлігін көрсетіп, биологиялық қыз екенін дәлелдеді.