23 нау, 2026 сағат 18:01

Гендерлік теңдік және әйелдердің жұмыспен қамтылу деңгейі

Гендерлік теңдік мемлекеттің адам құқықтары құндылықтарын сақтайтын ел ретінде даму көрсеткіші болып табылады. Әйелдер мен ерлердің құқықтары мен мүмкіндіктері тең екенінің көрсеткіші әр түрлі талаптар бойынша анықталады. Солардың бірі қоғамдағы белсенділігі, нәзік жандылардың жұмыспен қамтылуы да жатады.

Елімізде 2025 жылы жалпы елімізде 15 жастан үлкен жалпы халық санының 64,7 пайызы жұмыспен қамтылса, 15 жастан асқан әйелдердің 60 пайыздан астамы жұмыспен қамтылған екен. Бұл көрсеткіш әйелдердің қоғамда белсенді, елге қызмет етіп жатқанын көрсетсе керек.

Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сүйенсек, Жұмысқа орналастыру органдарына жүгiнген халықтың саны 1 181 619 болса, осы ретте жұмысқа орналастыру бойынша арнайы мекемелерге жүгінгендердің ішінде ерлерге қарағанда әйелдер көп екенін айта кеткен жөн. Олардың 569 596-сы ерлер болса, әйелдер саны 612 023 көрінеді.