Фото: ҚР ОАМ
Шымкентте «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» атты қалалық тамыз конференциясы өтті, деп хабарлайды Ult.kz.
Оған 2 мыңнан астам педагог, мемлекеттік орган және ҮЕҰ өкілдері қатысты. Пленарлық отырысқа ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен қала әкімі Ғабит Сыздықбеков арнайы қатысты.
Министр мұғалімдердің құқықтарын қорғау – мемлекеттің басты ұстанымы екенін атап өтті.
«Мұғалімді қорғау арқылы біз балалардың сапалы білім алуға деген құқығын қорғаймыз», – деді ол.
Бейсембаев жаңа оқу жылындағы негізгі бағыттарды жариялады:
-
📌 «Цифрлық сауаттылық» пен «Информатикаға» жасанды интеллект элементтері енгізіледі;
-
📌 AI-Kitap білім беру платформасы іске қосылады;
-
📌 Қараша айында ата-аналар комитеттерінің республикалық форумы өтеді;
-
📌 Қазақстан мектептерінде бірыңғай дизайн-код енгізіледі.
Конференция соңында 25 педагог пен бірқатар техникалық қызметкер алғаш рет еңбегі үшін марапатталды.
