Футзалдан Чемпиондар лигасы элиталық раундындағы қазақстандық «Қайрат» командасының қарсыластары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бүгін Швейцарияның Ньон қаласында футзалдан Чемпиондар лигасы элиталық сатысының жеребесі тартылды. Онда қазақстандық «Қайрат» командасының қарсыластары белгілі болды.
Алматылық клуб А тобында сынға түседі. Қарсыластары - Ресейдің «Тюмень», Беларусьтің «ВитЭн» және Францияның «Аньер-Вильнев» командалары.
Айта кетсек, қазақстандық команда «Тюмень» клубымен биыл аталған турнирдің негізгі сатысында кездесіп, олармен 3:3 есебімен тең түсті.
Ал «Аньер-Вильнев» жарыстың аталған сатысында қазақстандық «Атырауды» 6:0 есебімен жеңген еді.
Өзге топтардағы командалардың бөлінісі төмендегіше:
В тобы: «Спортин» (Португалия), «Ховокубо» (Нидерланды), «Олмиссум» (Хорватия), «Синара» (Ресей)
С тобы: «Пльзень» (Чехия), «Добовец» (Словакия), «Халле-Гооик» (Бельгия), «Барселона» (Испания)
D тобы: «Бенфика» (Португалия), «Ураган» (Украина), «Халадаш» (Венгрия), «Леванте» (Испания).
Элиталық раунд 30 қараша мен 5 желтоқсан аралығында өткізіледі. Ал финалдық раундқа әрбір топтың жеңімпазы жолдама алады. Финалдық ойындар оған шыққан команданың бірінің алаңында болады. Бұл ойындар 2022 жылдың 28 cәуірі мен 1 мамыр аралығына белгіленген.
«Қайрат» элиталық раундта биыл 15 мәрте бақ сынайды.