Бүгін футзалдан UEFA Чемпиондар лигасы негізгі сатысында «Қайрат» және «Атырау» екінші ойындарын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қайрат» Ресейдің «Тюмень» командасымен шеберлік байқасты. Бірінші кезеңнен кейін қазақстандық клуб 1:3 есебімен жеңіліп жатқан еді.
Екінші кезеңде олар таразы басын теңестірді. Бұдан кейін командалардың есепті өзгертетін мүмкіндігі болған еді. Дегенмен қарсыластар 3:3 есебіне қанағат білдірді.
Тағы бір ойында «Атырау» Португалияның «Спортинг» клубына 1:8 есебімен жол берді.
Айта кетсек, «Қайрат» төртінші топта сынға түседі. Қарсыластары - Чехияның «Пльзень», Ресейдің «Тюмень» және Италияның «Пезаро» командалары.
Ал «Атырау» екінші топта Словенияның «Добовец», Португалияның «Спортинг» және Францияның «Аньер Вильнев 92» командалармен бақ сынайды.
Алғашқы ойында «Қайрат» Чехияның «Пльзень» командасымен 3:3 есебімен тең түссе, «Атырау» Словенияның «Добовеціне» 1:2 есебімен жол берді.
Енді 30 қазанда «Қайрат» Италияның «Пезаро», «Атырау» Францияның «Аньер Вильнев 92» командасымен бақ сынайды.