Бүгін қазақстандық «Қайрат» футзалдан UEFA Чемпиондар лигасы элиталық сатысындағы алғашқы ойынын өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Еске салсақ, алматылық клуб А тобында сынға түседі. Қарсыластары - «ВитЭн» (Беларусь),«Аньер-Вильнев» (Франция) және «Тюмень» (Ресей) командалары.
Бүгін «Қайрат» беларусьтік «ВитЭн» клубымен шеберлік байқасады.
Ойын елорда уақытымен 16.50-де басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
«ВитЭн» 1997 жылы құрылған. Содан бері өз елінің 4 мәрте чемпионы атанды.
«Қайрат» бұдан кейін 3 желтоқсанда «Аньер-Вильнев» клубымен кездессе, 5 желтоқсанда «Тюмень» клубымен ойнайды.
Айта кетсек, алматылық команда жарыстың аталған сатысынла 15 мәрте қатысуға мүмкіндік алды.