Бүгін, 28 сәуірде футзалдан UEFA Чемпиондар лигасының ширек финалында Алматының «Қайраты» Португалияның «Бенфика» командасымен кездеседі, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Ойын елорда уақытымен18.50-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Алдағы ойындарға алматылық клуб сапында қақпашылар - Игита, Нарун Серіков. қорғаушылар - Ранжел (Бразилия), Дуглас, Біржан Оразов, шабуылшылар - Умберто (Бразилия), Дәурен Нұрғожин, Эдсон (Бразилия), Альберт Акбалықов, Шыңғыс Есенаманов, Диего (Бразилия), Дәурен Тұрсагұлов, Гадейя (Бразилия), Фернандиньо қатысады.
Бұған дейін қазақстандық клуб аталған турнирдің плей-офф сатысында белорустік «ВитЭн» (5:3) и румыниялық «Юнайтед Галац» (6:1) клубтарын орта жолда қалдырып кетті.
Сондай-ақ, ширек финалда «Барселона» (Испания) - «Добовец» (Словения), «Интер» (Испания) - «Газпром-Югра» (Ресей), «Спортинг» (Португалия) - КПРФ (Ресей) командалары кездеседі.
Төрт жұптағы сегіз команда 28 сәуір және 3 мамыр аралығында Хорватияның Задар қаласында өткізіледі.