06 мам, 2022 сағат 13:18

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері тағайындалды


Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері лауазымына ресейлік маман Магомед Адиев тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" федерацияның ресми сайтына сілтеме жасап.

Жаңа бапкердің кандидатурасы Қазақстан футбол федерациясы атқарушы комитетінің шешімімен бекітілді.

Айта кетейік, Адиев бірнеше танымал футбол клубтарында ойнаған.

Олардың арасында "Анжи", "ЦСКА", "Спартак", "Терек" және қазақстандық "Жеңіс" бар. Бапкерлік мансабын 2010 жылы бастаған. Содан бері "Ахмат", "Анжи" мен "Чайка" командаларын жаттықтырды.

2021 жылы қарағандылық «Шахтер» футбол клубының бас бапкері қызметін атқарып, УЕФА Конференция лигасының плей-офф кезеңіне жетті. Сонымен қатар қарағандылық ұжымды Қазақстан Кубогының финалына шығарды.