Бүгін футболдан Қазақстан кубогы топтық кезеңі екінші турының алғашқы ойын күні аяқталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бірінші кездесуде «Астана» (Нұр-Сұлтан) мен «Ақтөбе» командалары кездесті. Алдымен 13-минутта елордалық клуб сапынан Марин Томасов есеп ашса, ақтөбеліктер сапынан 45-минутта Олег Чернышов таразы басын теңестірді. Ал ақтөбелік Әділхан Таңжарықов өзінің қақпасына гол соғып алды. «Астана» сапына Тигран Барсегян 71-минутта есепті ұлғайтса, 81-минутта ақтөбелік Юрий Логвиненко қорытынды есепті белгіледі. Осылайша елордалық клуб қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсті.
Дәл осындай есеппен Қарағандының «Шахтері» өз алаңында Петропавлдың «Қызылжарын» тізе бүктірді. Алдымен петропавлдық клуб сапынан Юрий Бушман 49, Семир Смайлагич 66-минуттарда мергендік танытты. Одан кейін қарағандылық клубтан Айдос Тәттібаев 75, 85-минуттарда қақпаны дәл көздесе, Давид Атанаскоски 89-минутта жеңіс голының авторы атанды.
Ал Қостанайдың «Тобылы» өз алаңында «Атырауды» 2:0 есебімен тізе бүктірді. Ойын барысында Тони Сильва 42, Зоран Тошич 90-минутарда соққан голы «Тобылға» жеңіс алып келді.
Енді 17 шілдеде «Мақтаарал» (Түркістан облысы) мен «Тараз», «Ақжайық» (Орал) пен «Қайсар» (Қызылорда), «Қайрат» (Алматы) пен «Каспий» (Ақтау) жасыл алаңға шыады.
Вл 18 шілдеде №8 БЖМОРСМ (Нұр-Сұлтан) мен «Ордабасы» (Шымкент), «Тұран» (Түркістан) мен «Жетісу» (Талдықорған) екінші турды түйіндейді.
Айта кетсек, биыл аталған дода жаңа талаптар бойынша ойналады.
Топтық кезеңде Премьер-лиганың 14 командасы мен іріктеу кезеңінен іркілмей өткен бірінші лиганың екі клубы төрт топқа бөлінген.