Футболдан UEFA Еуропа лигасы 1/16 финалындағы алғашқы ойындар өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алдымен Чемпиондар лигасында бақ сынап, өз тобында үшінші орынға тұрақтаған Испанияның «Барселона» командасы қарымта кездесуде сәтті ойын көрсетті.
Испаниялық клуб сырт алаңда Италияның «Наполи» командасын 4:2 есебімен тізе бүктірді. Алғашқы кездесу 1:1 есебімен тең аяқталған еді. Қос ойынның нәтижесімен «Барселона» жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.
Командалардың ойын нәтижесі төмендегіше:
«Наполи» (Италия) – «Барселона» (Испания) 2:4 ( бірінші ойын 1:1)
«Брага» (Португалия) – «Шериф» (Молдавия) 2:0, пенальтиден 3:2 (0:2)
«Рейнджерс» (Шотландия) – «Боруссия Дортмунд» (Германия) 2:2(4:2)
«Бетис» (Испания) – «Зенит» (Ресей) 0:0 (3.2)
«Лацио» (Италия) – «Порту» (Португалия) 2:2 (1:2)
«Олимпиакос» (Грекия) – «Аталанта» (Италия) 0:3 (1:2)
«Динамо Загреб» (Хорватия) – «Севилья» (Испания) 1:0 (1:3)
«Реал Сосьедад» (Испания) – «РБ Лейпциг» (Германия) 1:3 (2:2).
Жарыстың 1/8 финалына «РБ Лейпциг», «Севилья», «Аталанта», «Порту», «Бетис», «Рейнджерс», «Брага», «Барселона» командалары жолдама алды. Енді олар 10 және 17 наурыз күндері ширек финал ойындарын өткізеді.