Бүгін, 29 шілдеде UEFA Еуропа лигасы үшінші іріктеу сатысында қазақстандық «Қайрат» өз алаңында Арменияның «Алашкерт» командасымен кездеседі, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Аталған кездесу Алматы қаласындағы орталық стадионда өткізіледі. Кездесу елорда уақытымен сағат 20:00-де басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Кездесу барысында Беларуськелінен келген Алексей Кульбаков бас төреші қызметін атқарады. Оған Дмитрий Жук пен Олег Маслянко көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші де - сол елдің өкілі Дмитрий Дмитриев.
«Алашкерт» командасы 1990 жылы құрылған. Армения біріншілігінде төрт мәрте чемпион атанған. Еурокубок ойындарында 2015 жылдан бері өз елінің намысын қорғап келеді. Сол жылы Еуропа лигасы екінші іріктеу сатысында «Қайратпен» кездесті. Өз алаңында қазақстандық клуб 3:0 есебімен жеңсе, сырт алаңда 1:2 есебімен есе жіберді.
«Алашкерт» құрамында негізінен армениялық футболшылар ойын көрсетеді. Сондай-ақ, бразилиялық, украиналық, намибиялық, сербиялық, ресейліктер командада ойнайды.
Екі команда да биылғы еурокубокты Чемпиондар лигасында бастаған болатын.
Алматылық команда бірінші іріктеу сатысында Израильдің «Маккаби» (Хайфа) командасын (2:0, 1:1) орта жолда қалдырып кетті. Ал «Црвена Звезда» екінші іріктеу сатысына жолдама алған.
Одан кейін Сербияның «Црвена Звезда» командасына (2:1, 0:5) есе жіберіп қойды.
Ал «Алашкерт» алдымен Уэльстің «Коннас-Ки Номадс» клубын (2:2, 0:0. овертаймда 3:2) қапы қалдырып, одан кейін Молдованың
«Шериф» (0:1, 1:3) командасына есе жіберді.