Футболдан UEFA Еуропа лигасы 1/16 финалындағы алғашқы ойындар өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алдымен Чемпиондар лигасында бақ сынап, өз тобында үшінші орынға тұрақтаған Испанияның «Барселона» командасы бұл жолы да мардымды ойын өрнегімен көзге түсе алған жоқ. Испаниялық клуб өз алаңында Италияның «Наполи» командасымен кездесуінде 1:1 есебіне қанағат білдірді.
Командалардың ойын нәтижесі төмендегіше:
«Шериф» (Молдавия) – «Брага» (Португалия) 2:0
«Боруссия Дортмунд» (Германия) – «Рейнджерс» (Шотландия) 2:4
«Зенит» (Ресей) – «Бетис» (Испания) 2:3
«Барселона» (Испания) – «Наполи» (Италия) 1:1
«Порту» (Португалия) – «Лацио» (Италия) 2:1
«Аталанта» (Италия) – «Олимпиакос» (Грекия) 2:1
«Севилья» (Испания) – «Динамо Загреб» (Хорватия) 3:1
«РБ Лейпциг» (Германия) – «Реал Сосьедад» (Испания) 2:2.
Жарыстың аталған сатысындағы қарымта ойындар 24 ақпанға белгіленген.