Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы 1/4 финалының жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Еске салсақ, қос ойынның нәтижесімен «Челси» (Англия), «Вильярреал» (Испания), «Манчестер Юнайтед» (Англия), «Атлетико Мадрид» (Испания), «Манчестер Сити» (Англия), «Реал Мадрид» (Испания), «Бавария» (Германия) мен «Ливерпуль» (Англия) командалары 1/4 финалға жолдама алған болатын.
Жеребе нәтижесінде командалар төмендегіше жұп құрады:
«Челси» мен «Реал Мадрид»
«Манчестер Сити» мен «Атлетико Мадрид»
«Вильярреал» мен «Бавария»
«Бенфика» мен «Ливерпуль»
Ширек финалдың алғашқы кездесулері 4-5 сәуір, қарымта ойындар 11-12 сәуірге жоспарланған.
Жартылай финал 26-27 сәуір, 3-4 мамыр күндері өткізіледі.
Финал 28 мамыр күні Франция астанасы Париж қаласындағы «Сен-Дени» стадионында өтеді.